Полицейлер тіркелмеген мылтықты тәркіледі

729

0

Қызылордалық полицейлер Арал ауданының тұрғынынан тіркеуде жоқ,2 ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығын тәркіледі. 

Аңшы мылтық Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді. 

Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<