Полиция қызметкерлері марапат төрінде

452

0

Бүгін Қазалыда Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында ұйымдастырылған шараға полиция бөлімінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік міндеттері орындау кезінде қайтыс болған полицейлердің жақындары мен туған-туыстары және басқа құрметті қонақтар қатысты.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев полиция қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерді саралағанда елімізбен бірге Қазақстан полициясының да жетістігі қатар аталады. Себебі, осы 30 жылдың ішінде Қазақстан полициясы егемен еліміздің тыныштығын, өміріміздің қауіпсіздігін абыроймен күзетуде ерен ерліктің үлгісін көрсетуде, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, Мұхтар Әуесұлы қазалылық полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктері аудан тұрғындарының тыныштықтары мен сенімділігінің кепілі екендігін атады.

Мұнан соң күндіз-түні қырағы қызметте жүретін бірқатар полицейлер «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Салтанатты іс-шара соңы дарынды полицейлер мен аудандық мәдениет орталығының өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<