Қызылордада автокөлік ішінен ұялы телефон ұрлаған 36 жастағы күдікті ұсталды

553

0

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері автокөліктен ұялы телефон ұрлаған 36 жастағы бұрын соты болған азаматты ұстады.

Оқиға7 мамыр күні сағат 23:00 шамасында орыналған. «Reno Logan» маркалы автокөлігінің ашық тұрғанын пайдаланған күдікті екі смартфонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 200 000 теңгені құрайды.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды полицейлер жүзеге асырды. Күдікті телефонды сатып, ақшасын өз бас пайдасына жаратқан.

Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3 –бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ұрлық қылмысына күдіктелген азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<