Кеше Қазалы ауданы орталығынан шалғай орналасқан Кәукей ауылында 100 орындық клубтың іргетасы қаланды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бой көтеріп жатқан жаңа нысанның ауыл тұрғындары үшін аса пайдалы екенін айтып, балалардың мәдениетке, білім мен ғылымға деген ынта-ықыласы арта түсуіне септігі мол екенін тілге тиек етті.
Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев халықтың қуанышымен бөлісуге арнайы келген аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, аудандық мәслихат депутаттары Ғазиз Әліш, Райымбек Бөлебаевтармен бірге жаңа нысанның іргетасын қалады.
Айта кетейік, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға құрылысы басталған жаңа нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарын «SCS Инжиниринг» ЖШС жүргізуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<