Танымал A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Темірлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“112” Telegram арнасының мәліметінше, Сәдуақасовты жол полициясы таңғы сағат 5:00-те Волоколамск тасжолында жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.
Ақпаратқа сәйкес, музыкант медициналық тексеруден өтуге бас тартқан. Кейін ол полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
Айта кетейік, Темірлан Сәдуақасов – гитарист әрі әнші, A’Studio тобының қаза болған мүшесі Бағлан Сәдуақасовтың ұлы. Ол әкесі 2006 жылы қаза болғаннан кейін топтағы орнын иеленген, бірақ кейін өз тобыны құрған.
Бағлан Сәдуақасов – гитарист әрі A’Studio тобының бірнеше танымал шығармаларының авторы, 1990-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басында топтың ерекше дыбысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарған. Ол 2006 жылғы 2 тамызда Мәскеуде автокөлік апатынан қаза тапқан.
Еске салайық, бұған дейін әнші Ернар Айдар Таразда жол үстінде видео түсіремін деп айыппұл арқалағаны хабарланған еді.






