Абай Бегей мен әйелі төртінші баласына гендер-пати жасады (ВИДЕО)

18

0

Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы оның жұбайы Фариза Жуманова жазды. Ол гендер-пати жасауға күйеуінің қарсы болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда отағасын қыздары райынан қайтарған.

«Тақсыр ұрсып, «жасамаймыз ондай пәле» деп… Бәшон мен Симби зорға көндірді, «Апа, блогер – бәрі қызығып күтіп жүр» деп. Кетер күні бәрін ұйымдастырып берді, жандарым. Қазір видеосын саламын, сіздерден қолдау күтемін. Төртінші бөпеде гендер пати жасаған қызық екен», – деп жазды Фариза Жуманова.

Ал одан кейін жариялаған видеоға «+ 1 бөпе» деп жазды. Видеодан өмірге келетін сәбидің жынысы қыз екенін аңғаруға болады.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап жатыр.