Бүгінде аудан орталығындағы теміржол вокзалы аумағында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталған жұмыстар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, теміржол бойындағы аумақтың эстетикалық келбетін арттыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында қолға алынған.
Абаттандыру аясында вокзал алдындағы Әйтеке би ескерткіші алаңындағы жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, заманауи үлгіге сай, ерекше көрік беретін қоршаулар. аялдамалар орнатылуда.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов вокзал аумағындағы жұмыстарды аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты бірқатар кемшіліктерді шұғыл жөндеуді және мердігер мекеме «СтроймодульАстана» ЖШС-нің жауапты өкіліне белгіленген жұмыстарды тезірек күн суытпай тұрғанда сапалы етіп аяқтауды тапсырды.
Бұл жұмыстар — аудан келбетін жақсартуға және тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін жасалып жатқан нақты істердің көрінісі.
Айта кету керек, бүгінде 120 жылдық тарихы бар теміржол вокзалыда қайта жаңғыртылып, теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпіріде қайта салынуда.
Қазалы ауданы әкімдігі






