Биылғы жылдың ауқымды шараларының бірі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай хәкім Абайдың бай мұрасын насихаттау, облыс жұртшылығына таныстыру мақсатында тұңғыш рет Сыр жерінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі өтеді.
Көрмеден
– Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашы¬лығына қатысты тарихи құжаттармен;
– архивтік деректермен, құнды қолжазбаларымен;
– Абайдың әкесі туралы жазған өлеңдерінің үзінділерімен;
– Абай оқыған Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесі туралы деректермен;
– ақынның тұрмыста қолданған заттарымен таныса аласыздар.
Көрменің ашылуы 2020 жылғы 21 ақпан күні сағат 11.00-де С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында болады.
Көрме 1 наурызға дейін жалғасады.
«СБ» ақпарат.





