Адал еңбектің иесі

129

0

Биыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы». Бұл – қарапайым еңбек адамдарының қажырлы қызметін бағалап, қоғамдағы мәртебесін көтеруге бағытталған игі қадам. Өзінің адалды­ғымен, еңбексүй­гіш­тігімен абыройға ие бол­ған қарапайым еңбек май­талманының бірі – Күмісбек Тобылов.

Қазақта «Әке көрген оқ жо­нар» деген тәмсіл бар. Кү­місбек Садықұлы да әке жолын жалғап, адал еңбегімен халыққа қызмет етіп жүрген жандардың бірі. Оның әкесі Садық Әбілқасымұлы, авто­транспорт саласында ұзақ жыл көлік жүргізу­шісі болып еңбек еткен. Ар­дақ­ты әке еңбегі ел тарапы­нан жоғары бағаланып, «Социа­листік жарыстың же­ңімпазы» төсбелгісімен төрт рет ма­ра­патталған. Сондай-ақ «Еңбек­тегі ер­лігі үшін» ме­да­лі­нің ие­гері атанған.

Осындай әке өнегесін көріп өс­кен Күмісбек ағамыз да мектеп қа­быр­ға­сында жүріп-ақ «Автокөлік жүр­гізушісі» ма­мандығын меңгеріп шы­­ғады. Алғашқы еңбек жолын «Рис­сов­хозстрой» тресіне қарасты «Тасбөгет авто­базасында» бас­тап, жүктелген мін­детті үлкен жауапкершілікпен атқа­рады. Кейін Кеңес әскері қатарында бо­рышын өтеп, онда да әскери техниканы басқарумен айналысады.

Әскерден оралған соң жа­ңадан ашылған «Сырда­рия АТП» мекемесінде еңбек етіп, уақытпен санаспай, тап­сы­рылған жұмысты табанды­лықпен орын­дады. Жұмыс іс­тей жүріп сырттай білімін жал­ғастырып, Шымкент қала­сындағы жол-көлік техникумын тәмам­дап, техник-механик мамандығын ие­ленеді.

Тоқырау жылдары талай мекемелер жабылып, ха­лық­қа ауыртпалық түске­ні бел­гілі. Сол шақта да Күмісбек Садықұлы қол қусырып қал­май, автобус көлігін жалға алып, жолаушылар тасы­мал­даумен айналысты. Кейін Қы­зыл­орда қаласында ашылған «Қатынас» ЖШС автобус пар­кінде, одан соң 2013 жылы құрылған «Қызылорда авто­бус паркі» ЖШС-да жұмыс істеп, әріп­тестері арасында сыйлы жанға айналды. Сондай-ақ «Мелиоратор» ЖШС-да ең­бек етіп, ауыр техникаларды жеткізуге атсалысты.

Ауыр жүк көлігін тізгіндеп, күн-түн демей жол үстінде жүру қырағылық пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Күмісбек Садықұлы осы талапты еш­қашан естен шығармай, үнемі жолда, еңбектің ортасында жүр. Бұл – оның өз ісіне деген адалдығының айқын кө­рінісі.

Отбасында асыл жар, қам­қор әке, немерелеріне ақыл­шы ата атанған ол – ша­ңы­рағының тірегі. Өмірлік жары Гауһар екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, бүгінде немере сүйіп отырған берекелі әулеттің иелері. Балалары да әр салада еңбек етіп, ел игілігіне қызмет етуде.

Шын мәнінде, қоғамның дамуы осындай қарапайым ең­бек адамдарынан бастау алады. Күмісбек Тобылов сынды адал еңбегімен абырой тапқан азаматтар өскелең ұрпаққа үлгі.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»