«Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық штабы құрылды

200

0

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық штабы елімізде алғаш рет Қызылорда облысында ашылды.

Облыстық штабтың ашылуы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың облысқа іссапары барысында өтті. Штабтың құрылу мақсаты – жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелейтін «Адал ұрпақ» клубтарының жұмыстарын үйлестіру болып табылады.

2016 жылдан бері «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары облыстың барлық мектептерінде құрылып, бүгінде олардың қатарында 16000-нан астам мүшелері бар. Осы кезге облыстағы ерікті клубтардың жұмысын үйлестіретін, оларға методикалық көмек көрсететін арнайы орталықтың болмауы қиындықтар тудырып келген болатын.Қазіргі таңда облыстық штабта ұйымдастырылған жұмыстардың 500-ге жуық материалдық қоры осы штабта жинақталған. Облыстық штабтың құрылуы өз кезегінде ерікті клубтардың қызметін үйлетіруге септігін тигізеді, – деді облыстық штаб жетекшісі Әлия Қырғызбайқызы.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Адал ұрпақтықтардың» облыстық штабы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында орналасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<