«Адал ұрпақ» клубының мүшелері тарихи жәдігерлермен танысты

614

0

«Адал ұрпақ» клубының мүшелері тарихи жәдігерлермен танысты Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста!» кіші бағдарламасы аясында департамент облыстық білім басқармасымен және облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе отырып мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері облыстық тарихи-өлкетану музейіне және «Рухани жаңғыру» орталығында орналасқан жаңа қалалық музейінде экспозициялармен танысты.
Онда оқушылар музей қорындағы тарихи жәдігерлермен танысып, түрлі сұрақтар қойып, көптеген сауалдар бойынша мағлұматтар алды.
 Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Мұз айдыны» спорт кешенінде тегін коньки тебу шарасын ұйымдастырды.
«Адал ұрпақ» клубының мүшелері тарихи жәдігерлермен танысты Спорттық шараның басты мақсаты – облыстағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылды.