Қызылордада адам өлтіруге ниет жасаған 56 жастағы азаматқа үкім шықты. Бұл қылмыстық істі Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылордалық азамат таныстарымен бірге карта ойнаған. Дегенмен ойын барысында әлгі азамат пен жәбірленуші арасында келіспеушілік орын алады. Ашуға берілген ол қалтасында жүрген үшкір затты жәбірленушінің кеуде тұсына ұрады. Осылайша ол ауыр дене жарақатын салды. Соның салдарынан жәбірленуші денсаулығына едәуір зиян келді.
«Адам өлтіруге ұмтылған азаматтан жәбірленуші қашып құтылады. Досының автокөлігіне мініп, облыстық медицина орталығының жансақтау бөліміне барды. Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталған) кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді», – деп хабарлайды Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<