Адамдарды тілсіз жаудан құтқарамын деп өзі қатты зардап шегіп, ауруханада қайтыс болған астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің соңғы әсерлі видеосы шықты, деп хабарлайды Экспресс К.
Видеоны белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-дағы сторисіне жүктеді. Кадрда адамдарды өрттен аман алып қалған Асқарға әйелі тосынсый жасап жатыр. Онысы парашюттен секіруге арналған сертификат болып шықты. Бірақ өрт сөндірушінің келіншегі сыйлық ерекше болсын деп, оны шұлыққа жасырып берген. Бұған Асқар аң-таң.
Парашютке сертификат па? Жаным, бұл расымен ерекше екен…
— дейді марқұм Асқар Забикулин видеода.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<