Адамдар 30 жастан кейін ғана есейеді – зерттеу

699

0

Фото: МИА «Казинформ»

Ғалымдар жүргізген зерттеу адамдар 30 жастан асқан соң ғана есейетінін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ladbible басылымына сілтеме жасап.

Нейробиолог мамандардың пікірінше, 18 жастағы  адам толыққанды ересек адам емес, өйткені оның миы осы жастан кейін де айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.
Кембридж университетінің профессоры Питер Джонстың BBC-ге баяндауынша, балалық шақтан ересек өмірге өту біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі.
Джонс және оның әріптестері өз зерттеулерінде 14 пен 24 жас аралығындағы 297 еріктінің миын бақылау үшін МРТ қолданып, сол арқылы 18 жастан кейін мидың әлі де дамып жетілетінін анықтады.
Джонстың шамалауынша, жасөспірімдерге «ересек» ретінде қарау әлеуметтік себептермен ғана «ыңғайлы». Дегенмен, ол тәжірибелі қылмыстық судьялар 19 жастағы сотталушы мен 30 жастан асқан қылмыскер арасындағы айырмашылықты түсінетінін айтты.
“Балалық шақ, одан кейін бірден ересектік деген ұғым жоқ. Адамдар қозғалыста, олар траекторияда», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<