Адасып қалған

255

0

Өткен жұмада түнгі сағат 00.45-те Қазалы полиция бөлімі кезекші бөлімшесіне аудан тұрғыны шағым түсірді. Ол оның әкесі, қасында жеңгесі, 5 және 3-жастағы екі немересімен бірге Абай ауылынан 45 шақырым жерде орналасқан «Жұбан» елді-мекенінде орналасқан мал шаруашылығынан «УАЗ» автокөлігімен шығып аудан орталығына қайтып оралмағаны туралы хабарлады.
Келіп түскен ақпарат негізінде 2 жедел-іздестіру тобы құрылып, полиция қызметкерлері дереу жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге кірісті.
Қазалы ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерінің түні бойы уақытпен санаспай, қырағылық танытып, өз қызметтік міндеттерін адал атқару барысында, таңғы сағат 7-де Қуан ауылынан оңтүстікке қарай шамамен 250 шақырым жерде жоғалып кеткен тұрғындар табылды.
Анықталғандай, ауа-райының күрт өзгеріп нашарлауына байланысты олар жолды көрмей, бағытынан адасып қалып, жаурап қалған. Полиция қызметкерлері барлық жоғалған адамдарды тірі және дін-аман үйіне жеткізді.
Аман-есен қайтарылған отбасы Қазалы ауданының тұрғыны Әлия Мұқанғалиева барлығын құтқарғаны үшін полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.
Облыс аумағында қолайсыз ауа – райы сақталуда. Жолдардағы желдің ұйытқуы, көктайғақ барлық жол қозғалыс қатысушылары үшін қауіпті. Осыған орай, тәртіп сақшылары қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды ескертеді. Төтенше жағдайлар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және алдын алу шараларын күшейту мақсатында полицейлер облыс тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<