Әбиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингіде алғашқы үштікке енді

350

0

Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Әбиба Әбужақынова олимпиадалық және әлемдік рейтингідегі жағдайын жақсартты, деп хабарлады KAZINFORM.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 48 келі салмақта сынға түсетін Әбиба олимпиадалық рейтингіде 4 576 ұпаймен үшінші орынға көтерілген.

Бірінші орынға 5 945 ұпай жинаған Ассунта Скутто (Италия), екінші орынға 5 200 ұпаймен Нацуми Цунода жайғасқан.

Әлемдік рейтингіде отандасымыз 5 184 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады. 

Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан ресми турнирлердің бәрінде үздік үштікке енді.

Португалияда өткен Гран-при турнирінде, Баку мен Антальядағы Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанса, Ташкенттегі Grand Slam-да күміске қол жеткізді.

Әбиба – дзюдодан қазақ қыздары арасында әлем чемпионаты мен Grand Slam турнирлерінен жүлде алған алғашқы спортшы. Сондай-ақ оның Азия чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын айта кетейік.

Спортшының бапкері – Нұрбол Сүлейменов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<