«Әдейі істедім»: Тиктокта ҰБТ–дан 1 балл алған түлек әп сәтте танымал болып кетті (ВИДЕО)

333

0

коллаж smartnews.kz

Бір ғана балл алған Ерасыл рекорд орнатты. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҰБТ тапсырушы түлектердің бірі рекорд орнатты. 2024 жылы мектепті тәмәмдап жатқан Ерасыл Уәлиев әлеуметтік желіде өзінің тестілеуден 1 балл алғанын көрсетті. Түлектің жүктеген бейнежазбасы жарты миллионнан астам қаралым жинады.

«11 сынып оқушыларының бәрі ЖОО-на түсеміз деп ҰБТ тапсырып жатыр. Жоғары балл алғандар, әрине, қуанып жатыр. Төмен алғандар депрессияда жатыр. Біреулер өміріме нүкте қойылды деп жатыр. Бірақ… Сен сіздерге айтайын ҰБТ-мен өмір тоқтап қала ма? Жоқ! Дональд Трамптың өзі мектепте сабақты дұрыс оқымапты. Билл Гейтс те, Стив Джобс та. Университетте оқымаса да, керемет жетістіктерге жете алды. Сол үшін сіздер еш уайымдамаңыздар! Өмірде жетістікке жету үшін ҰБТ-ның ешқандай рөл ойнамайтынын дәлелдегім келіп тұр. Сол мүмкіндік пайдаланып, болашақта ҰБТ-ның арқасында емес, тұрақтылық пен дисциплинаның арқасында жетістіктерге жеткенімді көрсетемін», – деді түлек. Келесі бейнежазбасында ол бұл әрекетті әдейі жасағанын айтты.

Желі қолданушылары болса, оның бұл әрекетін сынға алды. ҰБТ тапсырмай-ақ бай болуға болатынын айтқанын біреулер сынаса, енді бірі Ерасылдың бұл ісін мақтап, тезірек жетістікке жетуін тіледі.

@erasyl.ualievv Жалған ақпаратқа сенбеңіздер #erasylualiev #1баллентерасыл ♬ оригинальный звук – Ерасыл Уалиев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<