Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болады – Тоқаев

587

0

Фото: Фото: akorda.kz

Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болады. Бұл туралы «Digital Bridge 2023» халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазір біз саяси жүйені түбегейлі жаңғыртып жатырмыз. Білім мен жаңа технологияны негізге алатын экономика құра бастадық. Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болады. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса мән береміз. Біз цифрлық номадтардың, яғни мықты ІТ-мамандардың Қазақстанға келіп, жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Инновациялық кәсіпкерлікті және креативті индустрияны дамытамыз. Жалпы, жаһандық технологиялық революция барлық елдің өркендеуіне, адамдардың дамыған және әділетті әлемде өмір сүруіне септігін тигізуі керек», – деді Президент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<