Әділетті Қазақстанның алғашқы қадамын аттадық

704

0

Көптен күткен республикалық референдум да өз мәресіне жетті. Жерлестеріміз референдумға белсенді қатысып, шынайы дауыстарын берді. Алайда Референдум жалпы халықтық сипат алғанда ғана өз нәтижелілігін көрсетеді. Алдын ала жариялған қорытынды мәліметке жүгінсек ел азаматтарының жалпы жаңашылдықты қолдайтындықтарын көріп отырмыз.

Бұл референдум халқымыз үшін қолайлы, тең мүмкіндікті пен қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастыру үшін жұмыс істейтін, өзгерістер әкелетін реформалардың жүзеге асуына жасалған мүмкіндік деп есептеймін.

Шынына келгенде еліміздегі Конституциялық реформалар саяси жүйені түбегейлі өзгерту үшін емес, саяси институттарды жаңғырту үшін де жүргізіліп отыр. Жүргізіліп жатқан реформалардың өзіндік ерекшелігін конституциялық – құқықтық өлшемде бағамдасақ, әлеуметтік мемлекеттің қағидаларымен ұштасып жатқаны байқалады.

Сонымен қатар, бұл реформа мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау және нығайту мақсатында да қажет. Халықымыздың Президенттің конституциялық және құқықтық бастамаларына қолдау білдіруі мемлекет дамуының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асырудың шарты ретінде танылады.

Референдум Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы жаңа Конституциялық тәртіптің іргетасы болмақ. Мемлекет басшысы атап өткедей, Жаңа Қазақстанды құру елді дамыту парадигмаларын өзгертуге бағытталған. Біз ендігі жерде өзгерістерді өзімізден бастап, жаман әдеттерден бойымызы бен ойымызды алшақтатып, елдің түп тамырына балта шабатын сыбайлас жемқорлыққа табанды түрде қарсы тұрып, нақты өзгерістірге деген сенімді орнықтыруымыз керек деп есептеймін.

Жаңа әділетті Қазақстанның болашағынан күтеріміз көп. Сондықтан оның шынайы жүзеге асуына осы елдің азаматы ретінде өз үлесімді қосатын боламыз.

ҚАЖДЕНБЕК БАЙМАХАНОВ

«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<