Топ-баннер2

Әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда екі концерт береді: күндері мен қалалары белгілі болды

18

0

Фото: Prodip Guha/Getty Images

Әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда бірден екі концерт береді. Концерттер қыркүйекте Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өткен аптада билет сату сервисі танымал испан әншісі Энрике Иглесиастың Қазақстанға келіп, концерт беретінін хабарлаған еді. Алайда сол кезде әншінің өзінен ресми растау болмаған. Сондай-ақ концерттердің нақты күндері де белгісіз болды.

Бірақ бүгін Энрике Иглесиас Instagram-дағы парақшасында stories жариялап, 2026 жылы Қазақстанда өнер көрсететінін растады. Сонымен қатар ол Дженнифер Лопестің және Backstreet Boys тобының үлгісімен елде бірден екі концерт береді – Астана мен Алматы қалаларында.

3 қыркүйекте әнші елордада, Астана Арена стадионында өнер көрсетеді. Ал 5 қыркүйекте концерт Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.