Әлемнің 22 елінен ретротехникаға қызығатын 287 қатысушыдан тұратын үлкен автошеру Арал ауданына келіп жетті. Автокөліктердің орташа жылы – 88, ал ең көне көлік 110 жыл бұрын шығарылған американдық LaFrance.
Автошеруге қатысушылар 18 мамырда Бейжіңнен шығып, Үрімші арқылы өтіп, 3 маусымда Қызылорда облысына жетіп отыр.
Ауданға аялдаған автокөліктерді ауданымыздың полицейлері қауіпсіздік шараларын қабылдап, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда, Қосаман ауылдық округіне қарасты Ақеспе елді мекендегі ыстық су бұлағы бағыт бұрып, шағын кемпинг құрастырылып, басында 1 күн түнеді.
Шеруге қатысушылар бүгін Ақтау қаласына жолға шықты. Одан әрі Бакуге өтіп, шеруді Парижде аяқтайтын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<