Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.
Достық көшесінің бойында салынған алаңда жастар шағын футбол, волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерімен емін-еркін айналыса алады. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жаңадан салынған спорт алаңына арнайы барып, жас жеткіншектерге доп тарту етті.
Айта кетейік, салауатты өмір салтын сақтау, бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізетін алаң аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға салынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<