Әкімдер рейтингі: Нұрлыбек Нәлібаев төртінші орында

596

0

Сарапшылардың айтуынша, биыл Қызылорда облысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Оның ішінде инвестиция көлемі 6 пайызға артты. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттермен су ағынының көлемін былтырғымен салыстырғанда ұлғайту, сондай-ақ жылу беру маусымына 100 пайыз дайын болу жөнінде келісімге қол жеткізгені Нұрлыбек Нәлібаевтың еңбегі. Мамандар Қызылордада жаңа жылуэлектрстанция салу туралы келісімге келуді де жоғары бағалайды. Түркиялық компания 215 миллиард теңгеге жылуэлектр орталығын салады, деп хабарлайды Toppress.kz.

Облыста жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылы аймақта 347 шақырым жол жөнделді. Сондай-ақ, республикалық жолдардың сапасы бойынша 82 пайызға жеткен. 

Қызылорда облысында елімізде жалақының өсімі бойынша көрсеткіш – 31,3 пайызды құрайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда екінші жартыжылдықтағы көрсеткіш 24 пайызға артқан.

Әкімдер рейтингі: Нұрлыбек Нәлібаев төртінші орында

Айта кету керек, Нұрлыбек Нәлібаев қыркүйекте өте белсенді болды. Ол 2 жасар баланы құдықтан құтқарып қалған жасөспірімге екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Сонымен қатар бірнеше ірі жобалардың іргетасын қалады. Атап айтқанда жаңа Неке сарайы, Өнер сарайы, Қан орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл дәстүрлі тамыз кеңесінде облыстың үздік мектебіне 34 млн теңгенің сертификатын берді. 

Айта кету керек, биыл мектеп түлектеріне облыс әкімінің 100 білім гранты бөлінген болатын. Тамыз айында аймақ басшысын Мемлекет басшысы қабылдап, облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<