Сыңарынан адасқан жалғыз аққу осыдан бірер күн бұрын Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінің орталығындағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аллеяға келіп қонған. Жабайы құстың көкке көтеріле алмайтынын көрген тұрғындар ауыл әкіміне хабарлапты.
– Аққу – киелі құс қой. Қанаты сынған. Бәлкім, адамдарды ес тұтып, көмек сұрап әдейі елді мекенге қонса керек. Осындағы аңшы жігіт екеуміз екі жақтап жүріп ұстап, біздің үйдің ауласына әкеліп қойдық. Алдына су құйып, бидай шашып ем, тәбеті жақсы екен. Бірақ қанатын емдеуге менің шипагерлік білімім жетпейді. Оның үстіне жаралы құсқа қыстап шығатын жылы әрі кең орын тауып, жағдайын жасау керек. Сондықтан емшілік сауаты бар қайырымды бір адам шығып қалар деген үмітпен көпшілікке хабарлап, көмек сұрап жатқан жайым бар, – деді ауыл әкімі Аманжол Есмағамбетов.
Қостанай облысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<