Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

320

0

Фото: Қармақшы ауданы

Бүгін қармақшылық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл жетістік оның спорттық мансабындағы тағы бір маңызды белес болып табылады.

Жас спортшы өзінің табандылығы мен жоғары шеберлігін тағы бір рет дәлелдеп, ел абыройын әлемдік аренада асқақтатты. Ерасыл бұған дейін де халықаралық деңгейде үздік нәтиже көрсетіп, жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болған. Оның тұрақты жетістіктері еліміздегі жасөспірім спортшылар үшін үлгі болып қана қоймай, Қазақстанның спорт саласындағы беделін нығайтуға елеулі үлес қосуда.

Ерасыл Сәулебековті осы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, оған алдағы спорттық жарыстарда да сәттілік тілейміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<