Әлемде тағы бір пандемия пайда болуы мүмкін

530

0

Фото: Ведомости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде тағы бір вирустың өршуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұйымның бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Женевада кез келген уақытта жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертті.

«Қазіргі H5N1 (құс тұмауының) өршуі бізге келесі пандемияның кез келген уақытта келе салуы мүмкін екенін көрсетті. Ол кез келген уақытта келе алады. Ол бізді күтпейді», – деп атап өтті ДДСҰ бас директоры.

Себебі құс тұмауынан соңғы уақытта 60 жастан асқан 1,7 мың адам қайтыс болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<