Әлеуметтік дүкендерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

202

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы биыл қаламыздағы 35 әлеуметтік дүкендерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Мұнан соң, ары қарай дүкендердің ішін жаңарту жұмыстары жалғасатын болады.

Бүгінгі таңда жөндеуден өткізу көзделген дүкендерде дайындық жұмыстары жүргізіліп, сырлау жұмыстары басталды. Бұл ретте әлеуметтік дүкендердің сыртқы беттері толық сырланып, есіктері ауыстырылып, шатырларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, дүкен маңдайшасындағы көлемді жазулары да толығымен жаңартылады.

Дүкендерге ағымдағы жөндеу жұмыстары бүгінгі күннен бастау алып, маусым айының аяғына дейін жалғасады. Бұл жұмыстар дүкендеріміздің жұмыс істеуіне еш кедергісін келтірмейтін болады. Сыртқы жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, дүкеннің ішін жаңартуды бастайтын боламыз, – деді «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма басшысы Мейрамбек Кеңесұлы.

Айта кетейік, бүгінде қаламызда 35 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Оның 3-еуі ет бағытында. Дүкендерге күнделікті тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сұраныстарға сәйкес жеткізіліп, нарықтағы бағадан 10-15% төмен бағада сатылуда.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<