Әлеуметтік-еңбек ахуалының тұрақтылығы назарда

367

0

Фото: облыс әкімдігі

Кеше қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның» кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде қаладағы еңбек қарым-қатынастарының жағдайы, кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарт жасасу, өндірістік жарақаттануды алдын алу бойынша қабылданған шаралар және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Талант Ерманов хабарлама жасады.

Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы қала кәсіпорындарында әлеуметтік-еңбек ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мекемелерге жалақы көтеру мәселесін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, «Қызылорда су жүйесі» КММ қалыптасқан жалақы жағдайын талқылады.

Келесі мәселе, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі проблемалық мәселелер туралы Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметттік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Гүлсім Денеева баяндады.

Дархан Есалыұлы әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлемей отырған мекемелерге ескерту жасап,

қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілген тапсырманың сапалы және мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<