«Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлесіне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарын беру туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдар тізімінен шығарылып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына берілді.
Үкімет қаулысы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы медициналық сақтандыру қорынан орасан зор қаражат ұрланып жатқанын айтқан еді.
Сонымен қатар Президент Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігіне беруді қолдағаныз жазғанбыз.
Айта кетейік, Астанада МӘМС-тің 80 млн теңгесін жымқырған екі адам сотталды.






