Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ата-ана атанды! Роза Рымбаева тұңғыш немерелі болғанын неге жасырады?

1681

0

Фото: ашық дереккөз

«Роза Қуанышқызы, қуанышыңыз құтты болсын! Әже болуыңызбен, бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын!» — дәл осылай Роза Рымбаеваны немерелі болуымен құттықтап, желіде алғаш Мақпал Жүнісова сүйінші сұрады.

Күні кеше Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ата-ана атанды. Осы уақытқа дейін құрсағында перзент барын жұрттан жасырып келген Ақерке дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді.

Еске салсақ, Әли Оқапов пен «Асыл» тобының әншісі Ақерке 2020 жылы шаңырақ көтерген еді. Өнерлі отбасы бұл қуанышты жаңалықты әзірге ресми түрде мәлімдемесе де, жұлдыздар мен оқырмандар инстаграмда жаппай құттықтау сөздерін жазуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<