«Әлихан түстеріне кіріп «әкеме барыңдар» депті»: ақын Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлын еске алды

195

0

Фото: ашық дереккөз

Ақын Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлы Әлиханның достарының түсіне кіргені туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Әлиханның достарын ертіп, «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып, рухына құран бағыштағанын айтты.

«Бүгін марқұм Әлихан батырымның сыныптас достары Ерасыл мен Бексұлтан мені жұмысқа іздеп келіпті. Айтуларынша, Әлихан түстеріне кіріп «әкеме барыңдар» депті. Сосын екеуін ертіп Әлихан Құранның әліпбиін үйренген «Әзірет Сұлтан» мешітіне бардық. Достарына баламның дін ілімін оқыған бөлмелерін көрсетіп, рухына құран бағыштадық.

Ерасыл Астана IT университетінде инженерлік мамандықта, Бексұлтан Астана Медицина университетінде хирург мамандығында бірінші курста оқып жатыр. Әлиханымның жетпеген биігін осы балапандарға нәсіп етсе екен деп Алладан тілеймін! Достарын ұмыта алмай жүр ғой, айналайындар», – деп жазды ақын Серікзат Дүйсенғазы.

Айта кетейік, 2023 жылдың 2 қаңтарында ақынның ұлы Бурабайда көз жұмғаны хабарланған болатын. Серікзат Дүйсенғазының ұлына арнаған өлеңі желіде жарияланып, жұртты жылатқан еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<