Әлімжеттіктің алдын алу үшін қазақстандық әскерде енді дәретхана маңына камералар қойылады

255

0

Фото: Pixabay.com

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердегі камерасы жоқ қауіпті болуы мүмкін аймақтарды зерттеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахдиев тексеріс басталғанын айтты.

«Тиісті бұйрыққа өзгертулер енгізіледі, содан кейін құжат әскерлерге өз қызметін осы стандарттарға сәйкес келтіру үшін шығарады. Біз бейнекамералар мен техникалық қауіпсіздік құралдарын сатып алуды децентрлендірдік. Енді әскери бөлім жоғары тұрған органға қарамай, өз бетінше инфрақұрылымды сатып алып, жаңарта алады», – деді Ахдиев.

Қорғаныс министрінің орынбасары әлімжеттік оқиғалары жиі орын алатын дәретханаға баратын жолдарда камералар орнатылатынын да ескерді.

«Кабинаға ешкім камера орнатпайды, бірақ оған баратын жолда камералар болады деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар видеоны зерттеу үшін жасанды интеллект енгіземіз. Адамдар көп болған кезде дәретханаға бір уақытта екі-үш адам кіреді,олар ұзақ уақыт шықпай қалған кезде жүйе кезекшіге де, жоғарыдағы органдарға да сигнал береді. Сонымен қатар бұл жүйе әскери полиция өкілдері үшін әзірленіп жатыр”, — деді министрліктің өкілі.

Сондай-ақ журналистер вице-министрден қорғаныс министрлігі сарбаздарды әлімжеттіктен қашан толық қорғай алатынын сұрады.

«Біз бұл мәселе бойынша күн сайын жұмыс істейміз», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<