Әнші Adam-ның «Жүрек» әні әлеуметтік желілерде 5 млрд рет тыңдалған

450

0

Фото: Facebook\Kambar Omarov

Қазақстандық әнші Adam-ның «Жүрек» атты әні бүкіл әлемге танылды. Тіпті әлеуметтік желілерде 5 млрд рет тыңдалған. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына Қамбар Омаров атты қолданушы жазды.

Аз уақытта хит болған әнді Азия, Европа тіпті Оңтүстік Америка тыңдайды. «Жүрек» әні Shazam әлемдік рейтингісінде 13 орынға шыққан. YouTube каналындағы клипі 52 млн көрілім жинаған. Тіпті TikТок әлеуметтік желісінде вирусқа айналды. Ән сүйер қауым түрлі каверлер жаза бастаған.

«Әнді орындайтын әншінің шын есімі Фаррух Тохтамуратов. Ол Жамбыл облысының Меркі қаласында өмірген келген. Өнер әлемінде Adam атты шығармашылық бүркеншік есіммен танылған» – деп жазды автор.

Әнші өз туындысының мұндай феноменге айналғанына таңқалғанын жасырмады. Оның ойынша, жүректен шыққан ән миллиондардың жүрегіне жол таба білді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<