Фото: ашық дереккөз
«Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақжол Мейірбеков – «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында әнші болып, Бүкілодақтық, дүниежүзілік және халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысып, лауреаты атанған.
Кейіннен Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінің әншісі болды. 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.
Бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<