Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды

44

0

Фото: https://www.instagram.com/ayreeofficial/

Танымал әнші Ayree жаңа өмірге қадап басып, сүйіктісімен мешітте некесін қидырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесінің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті.

Ayree неке қию рәсімінен фотоларды бөлісіп, ел назарына ұсынды. Айта кетейік, әнші ару мен оның сүйіктісі 20 желтоқсан күні мешітте неке қиған.

Қос ғашықтың бақытты сәтіне жақын достары куә болып, бақыт тіледі.

«ЖанҰя», – деп жазды Ayree суреттердің сипаттамасына.

Еске салайық, өнер иесіне Қытай елінің Шанхай қаласында ұсыныс жасалған еді.

«Мен «иә» дедім. Барша құттықтаулар мен тілектеріңізге алғыс білдіреміз! Барлығын оқып шықтық. Шүкір, бақыттымыз!», – деп жазды әнші.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<