«Әпкесіндей әйелдерге ұсыныс айту көбейді»: Айгерім Есенәлі RaiM мен Erke тенденциясынан шошитынын жеткізді

514

0

Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz

Айгерім Есенәлі өзінен 5 жас кіші тележүргізуші Әнуарбек Жәлелге тұрмысқа шыққан болатын.

Тележүргізуші, журналист, продюсер Әйгерім Есенәлі жас қыздар мен жігіттерге махаббаттағы жас айырмашылығы туралы кеңес берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқырмандарымен сырласқан журналист «Райм мен Еркенің жолын көрмедік пе?» деген сұраққа жауап берді. Ол әпкесіндей әйелге сезімін білдіретін жас жігіттерден шошитынын жасырмады.

«Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасы, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады. Отбасын құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба?», – деп жауап жазды медиа маманы.

Айгерім өзінің ажырасқанын да сөз етіп, алайда отбасы институты жайлы түсінігі жойыла қоймағанын айтты.

«Мен ажырасқаныммен, отбасы институтының қадір-қасиеті санамда төмендеген жоқ. Біздің қоғам тек көңілі тоқ, сана-сезімі шекарасыз, адами қасиеттері мықты, отансүйгіш азаматтарымен мықты. Бұл ретте отбасы беріктігінің маңызын барлығымыз жақсы түсінеміз. Жеке тәжірибеме қарамастан, жалпы адами құндылықтарға көзқарасым сол қалпы, – деп жауап берді журналист.

Айта кетсек, Айгерім Есенәлі өзінен 5 жас кіші тележүргізуші Әнуарбек Жәлелге тұрмысқа шыққан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<