Әсел Серікбай: «Алдағы уақытта шәкірт тәрбиелеуді жоспарлаудамын»

598

0

Сыр елінің тұңғыш «гроссмейстері» атанған Әсел Серікбай жақында Италия елі, Сардиния қаласында өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол осы уақытқа дейін 3 дүркін Әлем, 7 дүркін Азия, 17 дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Одан бөлек, республика бойынша 9-шы, ал облыс бойынша ең алғашқы «гроссмейстер» атағын иемденді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыр мақтанышы Әсел Серікбай алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Мен 6 жасымнан бастап шахмат ойнауға әуес болдым. Содан бері әлемдік және республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып келемін. Менің өмірімде шахматтың алатын орны ерекше. Осы спорт түрі арқылы білімім артып, көптеген жақын дос таптым. Ең бастысы – өзімнің елім Қазақстан, оның ішінде туған жерім Қызылорданың атын барша әлемге таныту мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта жеке үйірме ашып, шәкірт тәрбиелеуді қолға алмақшымын. Оқушыларыма бар білген білімім мен тәжірбиемді үйрету арқылы Сыр елінің спортшыларын даярлаймын. Сондай-ақ әлемдік жарыстарда мұнан да биік белестерді бағындыру үшін үздіксіз дайындалатын боламын, – деді Әсел Серікбай.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<