Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарындаосы жылы он жеті жасқа толатын жасөспірімдердіәскерге шақыру учаскелерінетіркеу жұмыстары өтуде.
Сыр өңірінде осы жылға жоспарланған есептерге сүйенсек, 2005 жылы туған алты мыңнан астам жасөспірімдер әскери есепке алынады. Аймақта осы уақытқа дейін үш мыңнан астам жасөспірім әскери есепке тіркеліп те үлгерді.Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде лауазымды тұлғалар азаматтардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін олармен әңгіме жүргізіп, қажетті құжаттарын тексеруде.Сонымен қатар, белгіленген тәртіппен медициналық комиссиядан өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссия шешімімен әскери есепке қабылдануда.
– Жасөспірімдердіңбілім деңгейін, санын, дене дайындығыменәскери қызметке жарамдылығынанықтап, әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын қарқынды жүргізудеміз.Науқанбарысындаазаматтарға әскери қызметтің мүмкіншіліктері мен болашағы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және басқа да әскери оқу орындарына оқуға түсу қағидалары жан-жақты түсіндірілуде, – дейді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмат Жақыпов.
Жоғарыда аталған барлық тексерулерден өткен жасөспірімдерге шақыру учаскесіне тіркеу куәлігі жазылып, алғашқы әскери құжат берілетін болады.
Азаматтарды әскери тіркеу науқаны барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырыпөткізілуде.
Айта кетсек, он жеті жасқа толатын жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тіркеу елімізде, өңірімізде жыл сайын, қаңтар айынан наурыз айына дейін жалғасады.
Мұхит Қонаров, Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
лейтенант
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<