Әскерге шақыру жұмыстары жалғасуда

661

0

Қызылорда қаласында 18-27 жас аралығындағы азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда.

Бүгін қала әкімдігі, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, қалалық полиция басқармасы және қалалық прокуратура өкілдерімен аралау барысында себепсізден әскери есепке тұрмай әскерден жалтарып жүрген азаматтарға ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 387-ші бабына сәйкес жауапкершілік көзделгені жөнінде түсіндірілді.

Айта кетерлігі, әскерге шақыру науқанында Қызылорда қаласынан 250-ден аса жасты әскерге жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 139-ы әскерге жөнелтілді.

Әскер қатарына шақырушылар Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша №107 кабинет, 26-42-50 телефоны арқылы хабарласуларына болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<