Әскери-патриоттық жұмыс бойынша республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

5

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты. Өңірде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Облыс әкімдігінің «Әскери- патриоттық тәрбиелеу бойынша аумақтық үйлестіру кеңесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысы бекітілді. Барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары жанында «Жас сарбаз» қозғалысы бар, 3 мың жас облыстық қозғалыстың мүшелігіне тіркелген.

Биыл «Жас сарбаз» қозғалысы білім беру ұйымдарында 70-тен аса патриоттық шара өткізіп, оған 10 мыңға жуық жасөспірім қамтылды. Әскерге шығарып салу, ардагерлермен кездесу, «Ерлік сабағы», «Біртұтас ел – біртұтас жер» шаралары тұрақты өткізіліп келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі