Аға тәлімгерлерге арналған облыстық семинар өтті

228

0

Фото: автордан

Педагогтерге қолдау көрсету бағытындағы әдістемелік қызметті жаңғырту және жүйелеу қажеттілігі – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты қазіргі таңда орта білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру ұйымдарының және мектеп-интернаттардың аға тәлімгерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, курстан кейінгі қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында аға тəлімгерлерге арналған «Жазғы сауықтыру лагерінде балалардың коммуникативтік дағдысын дамытуға арналған іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық əдістемелік семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты орта білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің қызметін ұйымдастыруда жазғы сауықтыру лагерінде балалардың коммуникативтік дағдысын дамытуға арналған іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша қолданылатын жаңа инновациялық әдістердің тиімділігін анықтау және зерделеу болып табылады.

Семинар жұмысы барысында «Эко-лагерьлер: экологиялық білім берудің заманауи құралы», «Этнолагерь – ұлттық тәрбие негізі», «Innocamp» жазғы тынығу лагері, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен сауықтыру, «Жазғы сауықтыру лагерінде ЕББҚ балаларға жүргізілетін сауықтыру шараларының түрлері» тақырыптары бойынша мазмұнды жұмыстар ұсынылып, аға тәлімгерлер тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелік шара соңында «Жас Ұлан» ұйымының қызметін сүйемелдеу, дамыту, аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бағытында тиімді кері байланыс жасалып, пікірлер айтылды, ұсынымдар қабылданды.

Тәжірибесімен бөлісіп, үздік баяндама ұсынған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жанар Құлымбетова,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Қызылорда облысы бойынша

кәсіби даму институтының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<