Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың түгел дерлігінің заты ағаш болып саналады. Бүгін біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз – Қармақшы ауданынан.
Жергілікті жұрт Жомарт Рақымжановты ағаштан сан алуан бұйымдарды жасай білетін шебер ретінде бағалайды. Ол жасаған бұйымдарға тұтынушылар тарапынан сұраныс өте көп.
Ермекті бизнеске айналдырған қармақшылық кәсіпкер 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік грант байқауына қатысқан. Бұйым жасаушы шебердің ағаштан ұлттық ыдыстар, кәдесыйлар жасау өндірісі жобасы үздік атанып, қаражатқа құрал-жабдықтар сатып алған.
Кәсіпкердің сөзінше, астау сияқты ыдысты дайындап шығару оңай бола қоймады. Бәрі де қызығушылықтан басталған. Кейін бұл ермек бизнеске айналған.
– Кәсіпкерлікте ең алдымен өз ісіңді жақсы көру керек. Сосын барып шеберлігіңді дамытып, оны жетілдіріп отыруың қажет, – дейді кәсіпкер.
Аз уақыт ішінде Жомарттың кәсібилігінің арқасында өнімдері сұраныс артып, өңірде танымалдылығы артты. Ендігі таңда кәсіпкер Жомарт Рақымжанов өнім түрлерінің желісін көбейтуді жоспарлап отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<