Air Astana тобы су тасқыны кезінде ұшақ билетіне арнайы тариф енгізбек.
Әуе компания Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді.
«Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек»,- деп хабарлады компаниядан.
Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау,
Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.
Сондай-ақ қазақстандықтар батыстағы үш қалаға алған әуе билетінің ақшасын толық қайтара алатыны жайында жазған едік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<