Алматыдағы «Алма сити» тұрғын үй кешенінде аяғы ауыр келіншек суицид жасады. Ол үйдің 8-қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.
– Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі Наурызбай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталуда, – деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, былтыр қараша айында «Жетісу» шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен еді.
Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<