Аягөз гарнизонында оқу-жаттығу кезінде сарбаз мерт болды

477

0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қорғаныс министрлігі бүгінгі сарбаз өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Бүгін, 13 маусым күні оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімнің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған. 

Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, аталған факті негізінде қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалған.

«Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», — дейді генерал-майор.  

Марқұмның отбасына министрлік тарапынан бүкіл көмек көрсетіледі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<