Аралда 6500 түп сексеуіл көшеті отырғызылды

440

0

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы Аралда 6500 түп сексеуіл ағашының көшетін отырғызу шарасына қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Барсакелмес» мемлекеттік қорығы арасында арнайы келісім жасалғанын хабарлаған едік. Осы келісім аясында өткен жылдың қазан айында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Арал ауданы әкімдігіне 100 түп туя ағашының сертификатын табыстап, нәтижесінде «өмір ағашының» көшеті отырғызылған болатын.

Зерттеулерге сүйенер болсақ, 1 үйдің толық көміліп қалуына 4 тонна құм қажет екен. Ал 1 сексеуіл 4 тонна құмды орнынан қозғалтпай ұстап тұра алады, яғни 1 түп сексеуіл 1 үйді құм астында қалудан сақтайтын көрінеді.

Табиғатты қорғау мақсатында бастау алған «Аялы ағаш – саялы» жобасы әлі де жалғасын таба бермек.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<