Айбек Смадияров Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды”, – деп жазды Ақорда.
Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.
- 2005 жыл – “Қазақстандағы Қытай Банкі” АҚ әкімшілік департаментінің маманы.
- 2006–2008 жылдар – ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің маманы.
- 2008–2010 жылдар – ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташеcі, үшінші хатшысы.
- 2010–2012 жылдар – ҚР-ның Венгриядағы Елшілігінің үшінші хатшысы.
- 2012–2013 жылдар – Президенттің баспасөз қызметінің сарапшысы.
- 2013–2014 жылдар – ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитетінің бірінші хатшысы.
- 2014–2018 жылдар – ҚР-ның Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.
- 2018–2019 жылдар – ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы.
- 2019–2023 жылдар – Халықаралық ақпарат комитетінің төраға орынбасары – ҚР СІМ баспасөз хатшысы.
- 2023–2025 жылдар – Коммуникациялар департаментінің директоры – ҚР СІМ ресми өкілі.
- 2025 жылғы наурыздан бастап Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ҚР СІМ ресми өкілі қызметін атқарды.






