Фото: Қызылорда облысы ТЖД
Айдалада балшыққа батып қалған жүргізуші құтқарылды.
8 қаңтарда сағат 13.59 минут өткенде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына ақпарат түсті. Онда Қызылорда-Жезқазған автожолының 40-шақырымында «ГАЗель» маркалы автокөлік балшыққа батып қалғаны айтылған. Маркалы бортты көлігі батпаққа батып қозғалтқыш бөлігі бұзылып және автокөлікте жылқы малы қалғаны жөнінде хабарлама түсті.
«Оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер 1 техникамен барды. Сағат 18.30-да департамент мамандары күшімен балшықта қалып қойған көлік Досан ауылына дейін жеткізілді. Салонда болған 1988 жылғы жүргізуші одан әрі жолын жалғастырды», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<