Айдар Сайлауов жаңа қызметке тағайындалды

32

0

Фото: ашық дереккөз

Арал аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы қызметіне Сайлауов Айдар Әділжанұлы тағайындалды.

Айдар Сайлауов  1996 жылы Арал ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын республикалық «Ұстаз мәртебесі» газеті мен «Әлімсақ» журналынан бастап, жауапты хатшысы лауазымына дейін жоғарылаған. «Сыр медиа» ЖШС «Сыр бойы» газетінің тілшісі, Республикалық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.

Айдар Әділжанұлы қаламгер Сағитжан Бермағамбетов атындағы жастар сыйлығының және облыстық «Сыр үміті» сыйлығының иегері. Сонымен қатар, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Аға буынның ізін жалғаған талантты ақын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<