“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңының талаптарына сәйкес, 2023 жылғы 17 қыркүйек күні Айдарлы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Елді мекен тұрғындары өз таңдауларын жасап, дауыс беру нәтижесіне сәйкес, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат Жұмабеков Нұрбол Баянәліұлы 54,78%-бен Айдарлы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Балшекер Өтегенова жаңа сайланған Нұрбол Баянәліұлының қызметтік жолымен таныстырып, ауыл әкіміне куәлік табыстады.
Айдарлы ауылы әкімі қызметін атқарып келген Айбол Ержановтың елді мекенді дамытуға жасаған еңбегін атап өтіп, аудан әкімінің «Алғысын» табыс етті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<